Алматылық бойжеткен пойыздың астына түспекші болды (видео)
Алматылық бойжеткен пойыз алдына секіріп, өзіне қол жұмсамақшы болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қала тұрғынының бұл әрекеті түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіде тарады.
"Бүгін бойжеткен өзіне қол салмақшы болған, алайда машинист дер кезінде пойызды тоқтатып үлгерді. Көрші азамат бойжеткенді біраз уақытқа дейін сабырға шақырып, көңілін жұбатуға тырысты", - деп жазады Евгения Дружина есімді Facebook қолданушысы.
Stan.kz редакциясы аталған оқиға жайлы Алматының көліктегі полиция департаментіне хабарласқан еді. Алайда ведомство өкілі бұл факті бойынша іс тіркелмегендіктен, ешқандай пікір білдіре алмайтындарын жеткізді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”