Алматылық азамат көпірден секіріп кетпекші болды (видео)
Алматылық азамат жол үсті өткелінен секіріп кетпекші болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде жол үстінде орналасқан көпірдің эстакадасына шығып алған азамат түсірілген видео таралды.
Ер азаматты құтқаруға полицейлер келіп жетіпті.
"Оқиға Әуезов ауданында 6-шағын аудандағы Саин көшесінің бойында болған. Сағат 18:20-да полицияға ер адамның көпірден секіруге тырысқаны туралы хабар түсті. Полиция қызметкерлері жеткенше 1982 жылғы азаматты көпірден куәгерлер түсіріп алған. Сөйтіп ол оқиға орнына барған “Буран-86” көлігінің патрульдік жасағына тапсырылды. Азамат өз әрекетін түсіндіргенде, жұмыстан үйіне қайтқанда телефон арқылы қоңырау шалғанын және оның жеке отбасылық қайғысы туралы естігенін айтты. Оған полиция және жедел жәрдем қызметкерлерімен бірге психологиялық көмек көрсетілді. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында", – делінген ресми хабарламада.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
