Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы тұрғыны Димаш Құдайбергеннің портретін шаң айнаның бетіне бейнелеген (видео)

Алматы қаласының тұрғыны Джохар Юнусов танымал әншінің суретін өзінің Instagram желісіндегі парақшасына жүктеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Желідегі бейнежазбада суретшінің өзінің еңбегін аяқтап жатқандығы байқалады. Ол Димаштың "Жаңа толқын-2018" байқауында өнер көрсетуін бейнелепті. Суретші әншінің өнеріне деген сүйіспеншілігін осылайша білдіргісі келген көрінеді.

Бұған қоса видеода әншінің орындауындағы "Күнәлі құштардық" әні естіледі. 

Әлеуметтік желі қолданушылары суретшінің шығармасын көріп, өз ықыластарын білдіріп жатты. 

"Сіз таңқалдырудан жалықпайсыз", "Нағыз талант", "Бәрекелді, суретші! Шығармашылыққа шабыт беретін Димашқа мың алғыс" деп жазыпты олар. 

Естеріңізге сала кетейік, Димаш Құдайбергеннің АҚШ-та дүркіретіп концерт өткізгені айтылған еді. 

 

STAN.KZ
Жұма, 20 Желтоқсан, 2019 20:51
Талқылау