Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық әйел жазадан құтылу үшін түсік жайлы оқиғаны ойлап тапқан

Алматыда 27 жастағы әйел жазадан құтылу үшін түсік жайлы оқиғаны ойлап тапқан. Әйел 2021 жылдың желтоқсан айында пәтерді жалға беру жайлы жалған хабарлама жариялаған. Алаяқтың хабарламасына 26 жастағы тұрғын алданып қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

әйел

Алданған тұрғын өзін Марина есімді риэлтормын деп таныстырған әйелдің талабы бойынша алдын ала 80 мың теңге аударған. Ақшаны алған соң әйел телефон нөмірін өшіріп, байланысқа шығуды доғарған. 

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде ақша аударылған банк картасының иесі анықталған. Алайда ол картаны өткен жылдан бері танысы қолданып келгенін айтқан. 

"Қылмыстық кодекстің 128-бабына сәйкес күдікті уақытша қамау изоляторына қамалған. 190-бабқа сәйкес тергеу жүріп, оның өзге де қылмыстырға қатыстылығы анықталып жатыр. Сонымен қатар Т. есімді азаматтың қоғам пікірін қолдану арқылы жазадан жалтаруға тырысқаны ерекше назар аудартады. Әлеуметтік желіде әйел бейнежазба жариялап, өзін полиция бөлімінде соққыға жығылып, нәтижесінде түсік жасатқанын мәлімдеген. Бұл – жалған ақпарат. Азаматтың өзі кінәсін мойындап, қоғам алдында кешірім сұрады", - деді Бостандық ауданы полиция басқармасының басшысы полковник Думан Аухадиев. 

Талқылау