Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда өмірге құлақсыз келген бүлдіршінге көмек керек

5 жастағы Адиля өмірге бір құлақсыз келген. Бір құлағының орны түгелдей сүйекпен жабық, тесігі де жоқ.Баласына ауыр диагноз қойылып, оған елімізден ем таппаған ата-аналар шетелдік дәрігерлердің көмегіне жүгінуге мәжбүр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап.

Алайда құны қымбат күрделі операцияға қол жеткізу оңай емес. Амалсыздан, көптен көмек сұрайды, қажетті  ақшаны халықтан тиындап жинайды. Дәл осылайша тиыннан теңге құрап, баласына құлақ жасатуды арман еткен әке арнамыздан көмек сұрады.   

Жыл сайын екінші құлағының да есту қабілеті нашарлап барады. Аулаға шықса, балалар онымен ойнаудан қашады. Кемістігін бетіне басып, мазақтайды екен. Сондықтан Адиля қазірден мектепке бармаймын деп жылайды. Ал бүлдіршіннің ата-анасы оның  болашағына алаңдайды. 

"Естиді, бірақ 3 жыл бұрын 100 процент еститін, қазір 75 процентке азайып қалды. Ертең болашақта не болатынын білмеймін. Бірдеңе қарап отырсаң, "Папа, мен естімеймін ғой телевизор, мен естімей жатырмын ғой дейді. Бірдеңе десең, үндемей отыра береді. Кейбір міне осылай нервысын да көрсетіп алады", – дейді Адилянвң әкесі Ерболат Қуанышев.

Әкесінің сөзінше, кішкентай қыздың жүйке жүйесі қазірден тозған. Жөнді естімеген соң, ашуланшақ болып барады. Микротия атрезия деп аталатын дерттің емі жоқ емес. Тек елімізде ондай операция жасалмайды. Үмітіміз шетелде,  құны  47 мың доллар. Дәрігерлер оның өзіне де ешқандай кепілдік жоқ екенін айтқан. 

"Ең қорқынышты асқынудың бірі бұл жаңағы жасанды есту жолын жасағанда қайтадан уақыт өте келе жабылып қалады. 100 процент ешкім кепілдік бермейді дәрігерлердің ішінде. Екіжақты құлағы жоқ болып, естуі төмен болса, сондай кезде сөйлеу қабілеті де тежеліп бала мектепке бара алмайды, аппарат тағуға тура келеді", –  дейді ориноларинголог Айгүл Медеулова.

Маманның айтуынша, диагноздың себебі бір томдық кітаппен тең. Әрі бұл мәселе елімізде 6 жыл бойы көтерілгенмен, нақты шешім әлі жоқ дейді. Осы диагноз 5000-ға жуық балаға қойылған. Ал Адиляның ата-анасы "Қазақстан халқына" қорынан да көмек сұраған. Бірақ қор  өкілі бұдан да күрделі жағдайлар алдымен қаралатынын айтады.

Ал министрлікке биылдың өзінде бұл дерттен жапа шеккен 31 баладан өтініш түскен. Оның 23-і өзге елде емделсе, біреуіне шетелдік маман операция жасапты. Ал  Адиляның әкесі Ерболат Қуанышев министрліктен қолдау  болмай тұр дейді. 

"Әрбір шетелде емделем, шетелге шығам деген жағдай индивидальді түрде қаралуы керек. Әрбір сұраққа жекеше тоқталу керек. Бұл мемлекет тарапынан қаржыландырылмайды. Өйткені, арнайы бұйрыққа сәйкес, шетелде емделетін тізім бар. Аурулар сол тізіммен жүргізіледі", –  дейді Ана мен бала денсаулығын қорғау департаменті директорының орынбамаоы Олжас Ысқақов. 

Сондықтан, Қуанышевтар отбасы тек қайырымды жандарға үміт артады. Егер кішкентай ханшайымға көмектемесін десеңіздер, арнайы есепшотты  назарларыңызға ұсынамыз. 

КАСПИ ГОЛД 

4400 4301 4814 8775

87474069685 ЕРБОЛАТ К.

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 25 Сәуір, 2022 21:51
Талқылау