Алматыға жақын маңда жер сілкінді
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі "СОМЭ" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 4 сәуір күні сағат 7:26-да жер сілкінісін тіркеді, жеп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ведомствоның мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 286 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан.
"Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10,0.
MPV магнитудасы - 4,3.
Эпицентр координаттары - 40,65° солтүстікке қарай, 77,33° шығысқа қарай.
Тереңдігі - 5 км.
Қабылдау туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): жоқ", - деп жазды Алматы қаласы ХҚО-ның кезекші операторы.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн