Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдан Ыстықкөлге тікелей әуе рейстері ашылады

Ыстықкөл Алматы бағытында тікелей әуе рейстері ашылдыФото: istockphoto.com

27 маусымнан бастап Алматыдан Ыстықкөлге тікелей әуе рейстері ашылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қазақстанның азаматтық авиация комитеті ел нарығына Қырғызстанның жаңа әуе компаниясы – Asman Airlines кіргенін хабарлады. Аталған компания 27 маусымнан бастап Алматы – Ыстықкөл бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін орындай бастайды. Ұшулар апта сайын дүйсенбі және жұма күндері жүзеге асырылады.

Бұған қоса, 3 шілдеден бастап дәл осы бағытта тікелей рейстерді қазақстандық Fly Arystan әуе компаниясы да іске қосады. Бұл рейстер бейсенбі және жексенбі күндері орындалады.


2025 жылы Алматы мен Нью-Йорк арасында тікелей әуе рейсі ашылмақ

"Азаматтарды таңдау құқығынан айырды": Депутат Fly Arystan әуе компаниясының билет бағасын төмендетуді талап етті


Осылайша, 2025 жылдың жаз мезгілінде Алматы мен Ыстықкөл арасында жолаушыларға аптасына төрт тұрақты рейс қолжетімді болады. Бұл танымал курорттық бағыттың көлік қатынасын едәуір жақсартып, Қазақстан мен Қырғызстан туристері үшін қосымша қолайлылықтар туғызады.

Еске салсақ, бұған дейін Астана мен Алматыдан Алакөлге субсидияланатын әуе рейстері ашылғаны туралы жазған едік. 

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 26 Маусым, 2025 19:29
Талқылау