Алматыдан Дубай мен Шарджаға ұшқан әуе рейстері әуежайға шұғыл түрде қайта қонды
26 қазанға қараған түні Израиль Иранға әуе шабуылын жасап, әскери нысандарға зымыран соққыларын жасады. Израиль армиясының өкілі мақсат әскери нысандар болғанын айтты. Алайда желіде журналист Михаил Козачков қазақстандықтардың әуе рейстері кейінге шегерілгенін жазды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оның айтуынша, нысаналардың қаншалықты дәл соққыға алынғаны туралы ақпарат жоқ. Бірақ зардап шеккендер арасында Дубай мен Шарджаға ұшып бара жатқан Қазақстан азаматтары бар.
Шабуыл кезінде Fly Dubai компаниясының екі рейсі мен Air Arabia компаниясының бір рейсі әуеде болды.
Ұшақтар Алматыға қайта бұрылып, қондырылды. Қазір жолаушылар @Koza4kov_bot-қа хабарласып, бүгін кешке ұшып шығатындарын айтып жатыр. Бірақ бұл ақпарат әлі нақтыланған жоқ.
Еске салайық, бұған дейін бұл шабуыл 1 қазанда Иран тарапынан Израильге жасалған соққыларға жауап ретінде жасалғанын жаздық. Сол уақыттан бері аймақта Израиль армиясының жауабын күтті. Иран билігі бастапқыда кез келген қарсы шабуыл одан да үлкен салдарға әкелетінін ескерткен еді.
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін