Алматыдағы жетім балаларға орналған орталықта бұрын ауыр қылмыспен сотталған адамдар жұмыс істеп келген
Фото: shutterstock
Алматыдағы жетім балаларға арналған “Жанұя” арнайы кешенінде бұрын істі болған адамдар жұмыс істеп келген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Заңбұзушылықтарды Медеу аудандық прокуратурасы анықтаған.
Прокуратураның мекемеге жіберген ұсынысында интернатта бұрын "зорлау" бабы бойынша айыпталған, бірақ қылмыстық ісі тоқтатылған тәрбиеші жұмыс істейтіні көрсетілген. Сондай-ақ мекемеде тұрмыстық зорлық-зомбылық, алаяқтық және денсаулыққа зиян келтіру бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған қызметкерлер жұмыс істеген. Екі жұмысшы наркологиялық диспансерде есепте тұрса, бір қызметкердің педагогикалық жоғары оқу орнын бітіргені туралы дипломы жалған болып шықты.
Алматы қалалық білім басқармасы заңбұзушылыққа жол берген “Жанұя” арнайы кешенінің қызметкерлері тәртіптік жазаға тартылғанын мәлімдеді. Ал қылмысқа қатысы бар қызметкерлер жұмыстан босатылған.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген