Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы жер сілкінісі: Төтенше жағдайлар департаменті соңғы афтершоктар болмайтынын хабарлады

Фото: istockphoto

Бүгін алматылықтар жаппай жер сілкінісі туралы хабарлама алды. Алайда қалада дүмпүлдер сезілмеген. Осы орайда Алматы қалалсы ТЖД бастығының уақытша міндетін атқарушы тұрғындарға видеоүндеу жолдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қалалық ТЖД бастығының уақытша қыметін атқарушы Дамир Ермағамбетов алматылықтарды сабыр сақтауға шақырып, алаңдауға негіз жоқ екенін жеткізді.

"Жағдай ТЖД бақылауында. Сейсмологтардың ақпараты бойынша, афтершоктар болмайды", - деді Ермағамбетов.

Сонымен қатар, төтенше жағдайлар министрлігі атап өткендей, 2023 жылдан бері Алматыда жұмыс істеп келе жатқан және 28 сейсмостанцияны қамтитын автоматтандырылған ерте ескерту жүйесі сейсмикалық толқынды оперативті режимде сәтті тіркеді.

"Оқиғаны алғаш тіркеген станция – Ақжардағы станция болды. Алынған деректер негізінде жүйе сигналды MassAlert жүйесіне жіберді, содан кейін ресми ескерту берілді", – деп түсіндірді Қазақстан ТЖМ.

Айта кетейік, Алматыдағы жер сілкінісі бүгін, 21 қыркүйекте Астана уақытымен сағат 16:25:19-да тіркелді. Жер асты дүмпулерінің магнитудасы – 3,8. Жер сілкінісінің ошақтары Алматыдан 9 шақырым оңтүстік-батысқа қарай Қазақстан территориясында орналасқан.

Айнұр Мұхади
Жексенбі, 21 Қыркүйек, 2025 18:57
Талқылау