Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жатақхана өртке оранды

Алматы қаласы Жетісу ауданының өрт сөндірушілері бөлмеден өздігінен шыға алмаған 48 жастағы ер адамды құтқарды. Өрт қоймадан шыққаны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

14 желтоқсан күні жатақханадан өрт шыққан. Оқиға орнына құтқарушылар сағат 12.49-да жетті. Жатақхана жанып жатқан ғимараттың екінші және үшінші қабаттарында орналасқан.

Тұрғындардың көпшілігі үй-жайдан өз бетімен шыққан. Алайда, дәлізде температураның жоғары болуы мен қатты түтін шығуына байланысты 48 жастағы ер адам аяғынан жарақат алып, ғимаратта қалып қойған.

"Құтқару қақпағының көмегімен ер адамды өрт сөндірушілер құтқарып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды. Өрттің таралуы 13.27-де 80 шаршы метр аумақты алған кезде тоқтатылды", - деп хабарлады Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

STAN.KZ
Сейсенбі, 15 Желтоқсан, 2020 08:59
Талқылау