Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы ұшақ апатынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

Алматыдағы ұшақ апатына ұшырап, аман қалғандардың жағдайы туралы айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жарақат алғандардың бірі (1987 жылы туған) сол жақ жамбасы сынған және бас сүйек миы зақымданған. Екінші (1996 жылы дүниеге келген) зардап шегушінің де бас сүйек миы зақымданып, саусақтары сынған және денесін 2-ші және 3-ші деңгейдегі күйік шалған. Ол Алматыдағы 4 КГБ-ның реанимация бөліміне жеткізілді. Жағдайы өте нашар. 

"Зардап шеккен жандарды құтқарып қалу үшін дәрігерлер бар күш-жігерін салуда. Барлық мамандар жұмылдырылды, оның ішінде қаланың бас реаниматологі де бар", - деп хабарлайды Алматы қалалық әкімдігі. 

Еске сала кетсек, ағымдағы жылдың 13 наурызында Нұр-Сұлтан-Алматы бағытында келе жатқан АН-26 әскери ұшағы сағат 17:22-де радардан жоғалып, қала әуежайына шұғыл қонды. Төртеуі қаза тапты, екеуі түрлі жарақаттармен Алматы қаласының 4-ші қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілді.

 

Талқылау