Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы ұшақ апаты: Премьер-министр оқиғаны түбегейлі тексерістен өткізіп, марқұмдардың туыстарына көмек көрсетуді тапсырды

ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ұшақ апатының себептеріне толық тергеу жүргізуді және қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсетуді тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алматы маңындағы ұшақ апаты жайлы соңғы жаңалықтарды мына жерден көріңіз


Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз-қызметі мәлімдеді. 

ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің төрағалығымен «Bek Air» әуе компаниясының ұшағының құлау себептерін тергеу бойынша Үкіметтік комиссияның отырысы өткізілді.

«Алматы облысындағы ұшақ апаты барлық қазақстандықтар үшін аса қайғылы хабар болды. Өкінішке орай, адамдар қаза тапты, зардап шеккендер көп», — деді А. Мамин.

Бұған қоса үкімет басшысы қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, ал зардап шеккендерге тезірек сауығуды тіледі.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша құрылған Үкіметтік комиссия жұмысының алдын ала нәтижелері туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Р. Скляр, сотқа дейінгі тергеу амалдары және оқиға орнында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ішкі істер министрі Е. Тұрғымбаев, зардап шеккендердің жағдайы туралы денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов баяндады"- делінген баспасөз-хабарламасында.

27 желтоқсанда таңғы сағат 07.21-де «Bek Air» әуе компаниясының №Z2100 рейсі, «Алматы – Нұр-Сұлтан» бағыты бойынша ұшып шыққан Fokker-100 ұшағы әуеге көтерілу кезінде төмен құлдилап, бетон қоршауды бұзып өткен. Алматы қаласының Қазаэронавигация баяндамасы бойынша, сағат 07.22-де ұшақтың әуеге көтерілуі кезінде диспетчерлер ұшқындарды байқаған. Олар радар экранынан ұшақ белгісі жоғалып кеткендіктен, дереу дабыл қағыпты.

Сағат 08.04-те Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті ұшу жолағынан 1,8 шақырым қашықтықтағы Алматы облысы Талғар ауданы Гүлдала ауылының шетінде ашық аумақта Fokker-100 ұшағының құлағанын анықтады.

Ұшақ Алматыдан ұшқан кезде әуе кемесінің бортында 98 адам болған, оның ішінде 9-ы – бала және 5-еуі – экипаж мүшелері.

15:00 жағдай бойынша оқиға салдарынан барлығы 12 адам қаза тапқан, Алматы қаласының түрлі медициналық мекемелеріне 53 адам жеткізілген, оның ішінде 8 адамның жағдайы аса ауыр деп бағалануда.

"Нұр-Сұлтан қаласынан санитарлық авиация бортымен жетекші республикалық медициналық орталықтардың мамандары ұшып барды, оның ішінде Ұлттық нейрохирургия орталығының және Травматология және ортопедия ҒЗИ мамандары бар",- деп хабарлады баспасөз-қызметі. 

Алматы қаласы мен Алматы облысының медициналық ұйымдары қажетті медициналық көмекті көрсетіп жатыр, дәрі-дәрмекпен және қажетті қанмен толық қамтамасыз етілген. Зардап шеккендермен және қаза тапқандардың отбасыларымен психологтар жұмыс істеуде.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасыларына 4 млн теңгеден қаражат бөлінеді. Сонымен қатар, барлық зардап шегушілерге қажетті қаржылай көмек көрсетіледі», — деді А. Мамин.

Премьер-Министр Ішкі істер министрлігіне «Bek Air» әуе компаниясының ұшағының құлауына байланысты толық сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізуді, Денсаулық сақтау министрлігіне зардап шегушілердің тезірек сауығып шығуы үшін барлық шараларды қабылдауды тапсырды.

«Апат себептерін тергеу жөніндегі Үкіметтік комиссия 2020 жылдың 10 қаңтарына қарай өз жұмыстарының алдын ала қорытындыларын ұсынуы тиіс», — деп қорытындылады А. Мамин

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Скотч байлап қойған": Bek Air компаниясына қатысты сұмдық ақпараттар жария болды

Ең басты туындайтын сауал – осыншама қателік бола тұра, ұшу сертификаты қалай берілген?

"Басы ісіп, көздері шарасынан шығып кетейін деп тұрды": Сарыағашта 9 жасар бала соқырішекке жасалған отадан көзі көрмей, тілсіз қалған

Бас дәрігердің орынбасары кінә әріптестерінен екенін жасырмайды

Елімізде кинотеатрлар қатары артып, алыс аудандарда де кино көрсететін орындар ашылуы мүмкін

Еліміз бен әлемдік прокатқа шыққан туындыларды шалғай елдімекен тұрғындарының тамашалауына мүмкіндік тумақ

СІМ қазақстандық кәсіпкердің Испанияда қайтыс болу себебі түсіндірді

Марқұмның денесі екі-үш күнде жеткізіледі

Денсаулық сақтау министрлігі қытайлық вирустың Қазақстанда тарағаны туралы хабарламаған жауап берді

Департамент біздің елде мұндай инфекцияның тіркелмегенін атап өтті

Алматы облысында қыз алып қашқан 4 жігіт сотта жауап берді

Жастарға 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді

Үкімет тұрғын үй сатып алу үшін зейнетақы жинақтарының мөлшерін қайта есептейді

Президент жұмыс тобының ұсыныстарын қабылдады

Қытайдың Ухань қаласында қалған қазақстандық студенттерді елге эвакуацияламайды

230 студенттің жартысы Қазақстанға келіп үлгерді

Скляр: Bek Air жолаушылардың ақшасын қайтаруы тиіс

Роман Скляр: Мүлкін сата ма, басқа істей ме, ақша қайтарылу керек

Ер адам зираттан кездейсоқ өз қабірін тауып алды

Хэттель құлпытасты оның ескерусіз салынғанын айтты
Çàãðóçêà...