Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әдейі газды басқан": Адам өліміне әкелген автобус оқиғасы бойынша айыпталушы жүргізушіні кінәлады

2024 жылы 24 cәуір күні Алматының Алатау аудандық сотында атышулы қылмыстық іс бойынша сот отырысының жалғасы болды. Судья Тәкен Шәкіров сот тергеуінің аяқталғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото Жоғарғы сот отырысынан скриншот жасалған

Былтыр  22 желтоқсанда адам өліміне әкелген қайғылы оқиғаның себепкері Дархан Ахметжановқа айып тағылды. 

Кезекті жетінші сот отырысы өтті. Белгілі болғандай, осы күннен бастап сот процесі онлайн режимде көрсетіледі. Сот отырысына судья Тәкен Шәкіров төрағалық етіп жатыр. Ол соттың аяқталуға жақын екенін, тараптар арасындағы жарыссөз 25 сәуірде болатынын айтты. Прокурор айыпталушы Дархан Ахметжанов пен Ермек Шөкебаеваның беттестіру хаттамасын оқыды. 

Алайда сотталушы жол апатына жүргізуші әйелді кінәлады. Дархан Ахметжанов жүргізушінің есінен танып қалмағанын және әдейі газды басқанын айтты. 

Сонымен қатар сот отырысында зардап шеккен автобус жүргізушісі қайғылы оқиғаға себепкер болған Ахметжановты емес, құрбан болғандардың отбасы оны кінәлағанына ашуланды.

Сотталушы Дархан Ахметжановтың іс жүзінде жағдайдың қалай болғанын баяндап берді. 

"Оның "біз қазір соғыламыз" дегені әлі есімде тұр. Одан бөлек "мен саған көрсетемін" деп айтты. Мені қорқыту үшін әдейі газды басты. Соқтығысқаннан кейін ол "оны ұстаңыздар!" деп айқайлады. Содан кейін ол маған қарап тұрып "сотталасыз" деп анық айтты", – деді Дархан Ахметжанов.

Жауапкердің қорғаушысы өткен кейінгі сот отырысында автобустағы бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттегенін айтты. Адвокаттың айтуынша, кадрлардан Ермек Шөкебаеваның Ахметжановтың қолынан ұстап автобустан түсуіне рұқсат бермегені көрінеді.



Шөкебаева бұлай болған жоқ деп жауап берді. Адвокат жүргізуші жалған куәлік берді деп отыр. Оның айтуынша, әйел автобуста есінен танып қалды ма, жоқ па деген айғағын бірнеше рет өзгерткен.

Еске салайық, бұған дейін сот отырысы кезінде жүргізуші Ермек Шөкебаева мен марқұмның әйелі Айнұр Құсайынова екеуі сөзге келіп қалғаны туралы жазған едік. Жәбірленушінің әйелі автобус жүргізушісін кінәлі деп танып отыр.

Талқылау