Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы уақытша тергеу изоляторында коронавирус табылмады

Алматыдағы уақытша тергеу изоляторына жабылған жеті азаматтан коронавирус анықталмады. Бұл туралы ІІМ қарасты қылмыстық атқару комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

түрме

"ПТР тесттердің нәтижесі шықты: барлығының сынамалары теріс", - делінген ресми хабарламада. 

Еске салайық, осыдан үш күн бұрын абақтыда отырған жеті азамат денсаулықтарына байланысты шағымдарын айтыпты. Олардың бойынан ЖРВИ белгілері байқалған көрінеді. Шағымданушылардың арасында халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің экс-ректоры Дамир Шыныбеков те бар. 

"Шұғыл түрде жедел жәрдем шақыртылды. Олар ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлердің қарауынан өтті", - деп қосқан еді комитет өкілдері. 

 

 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 10 Маусым, 2020 13:41
Талқылау