Алматыдағы тұрғын-үй кешенінде ерлі-зайыптыны ұрып-соғып кетті

Алматыдағы тұрғын үй кешенінде ерлі-зайыптыны ұрып-соқты. Қалалық полиция шабуыл жасады деп күдіктелген адамды тергеп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алматыдағы тұрғын-үй кешенінде ерлі-зайыптыны ұрып-соғып кетті

Оқиға 1 қаңтар күні таңертеңгі алтыда Алматы қаласының Тілендиева көшесінде орналасқан тұрғын үйдің 12-қабатында болды. 25 жастағы жігіт алдымен ер адамды ұрып, сосын әйеліне шабуыл жасаған.

«Дәл сол күні денсаулыққа қасақана орташа зиян келтірген күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 107-бабына сәйкес қылмыстық іс дереу тіркелді. Қазіргі уақытта Алмалы ауданының полиция тергеу басқармасы қылмыстың себептерін анықтауда және бұл іске қатысты тараптар да тергеу жүргізіліп жатыр», - деді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция сонымен бірге сот-медициналық сараптама тағайындалғанын, оның қорытындысы бойынша түпкілікті іс жүргізу шешімі шығарылатынын айтты.

Бұған дейін шабуыл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болған. Жәбірленушілердің туыстары күдіктінің ұрып-соғу оқиғасы болған «Жағалау» тұрғын үй кешенінде күзетші болып жұмыс істейтінін хабарлады. Зардап шеккен ер адам қазір ауыр халде ауруханада жатыр, ал әйелі миы шайқалған. Бірақ әйел баласы болғандықтан ауруханаға жатудан бас тартты.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қытайдан Қазақстанға қашып келген екі азаматқа жаза тағайындалды

Олар 1 жыл көлемінде түрмеге жабылды

"Олимп" букмекерлік кеңсесі енді бәс қабылдамайды

Ұйым қызметі заңға қайшы деп танылып, лицензиясы тоқтатылған

Бұрын 3 теңге болса, қазір 5.5-ке өсті: Қырғыз валютасы неге құнды?

Теңге төмен құлдырағанда сом неге тұрақты "тағынан" түспейді?  

"Барыс" хоккейшілері фин ойыншыларын ойсырата жеңді (видео)

Ойын "Барыстың" еншісіне 5:1 есебімен аяқталды

Арты өлімге алып келетін қытайлық вирус енді АҚШ-қа жетті

Ауруды Вашингтон штатының тұрғыны жұқтырған

"Қатты қорықтым. Жүктімін деп алдадым". Әнші Уатхан Заханқызы зорлық әрекетінің құрбаны бола жаздағаны туралы

Әнші қыз-келіншектерге мұндай қауіпті жағдайда қалай әрекет ету керектігін айтты

Ресей Федерациясында жаңа үкімет құрылды

Өткен аптада Ресейдің бұрынғы үкіметі өз өкілеттігін тоқтатқан еді

"Қазақмыс" мекемесінің директорына өз кабинетінде пышақпен шабуыл жасалды

Оған шабуыл жасаған адам сол ұйымның қызметкерелірінің бірі көрінеді

Алматыда ерлі-зайыптының он жыл күткен баласы 10 күннен кейін шетінеп кетті

Ата-анасы баланың екпеден кейін шетінеп кеткеніне сенімді

Қостанай облысында маскүнемнің қолынан қаза болған полицейдің отбасына бір бөлмелі пәтер беріледі

Бүгін марқұм болған полицей Дархан Базарбаевты жер қойнына тапсырды
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр