Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы тергеу изоляторынан қашып кеткен адамның кім екені белгілі болды

1987 жылы туылған Давутов Дамир жазасын өтеп жатқан ЛА-155/18 мекемесінен 15 ақпан күні қашып кеткен. Қашып кеткен сотталушы туралы ақпараттар белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті Давутовтың ұрлық және ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін сотталғанын айтты. Ол алты жыл үш айға ерекше режимде сотталды.

"Біз оны әлі тапқан жоқпыз. Алматыда, облыста немесе республикада нақты қай жерде іздеу жүргізіліп жатқанын айта алмаймыз. Мұндай ақпарат жария етілмейді. Қазір жедел іздестіру шаралары жүргізілуде. Біз тапқан бойда ол туралы хабарлайтын боламыз", - деп хабарлады департамент.

Департамент сотталушының тергеу изоляторында екенін, өйткені үкім шыққаннан кейін ол Алматы қалалық сотына апелляциялық шағым бергендігін айтты. Шағым 2020 жылдың желтоқсанында қайта берілген.

"Шағым қарауда болатын. Бірақ судья сот отырысын өткізетін күнді белгілейтін болды", - деп хабарлады департамент.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі де Давутовтың тергеу изоляторында болғанын хабарлады, өйткені сот үкімі әлі заңды күшіне енбеген.

"Ол апелляциялық шағым түсірді. Сондықтан ол тергеу изоляторында сот процесін күтіп жатқан. Жалпы, ол бірнеше рет сотталған", - деп хабарлады департамент.

Еске салсақ, осыған дейін Алматыдағы тергеу изоляторынан тұтқын қашып кеткені туралы айтқан болатынбыз. 

STAN.KZ
Бейсенбі, 18 Ақпан, 2021 13:36
Талқылау