Алматыдағы Тереңқұрдың жекенің қолына өтіп кеткен бөлігі мемлекетке қайтарылды
Алматы әкімі Ерболат Досаев Тереңқұрдың жекенің қолына өтіп кеткен жоғарғ бөлігі мемлекет меншігіне қайтарылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сурет: Almaty visit сайтынан
Әкімнің сөзінше, жекенің қолына өтіп кеткен жер телімін жеке тұлғалардан сатып алған.
"Қоғамдық кеңістікті дамыту мақсатында Тереңқұрдың жоғарғы бөлігі мемлекет меншігіне қайтарылды. Бүгінгі таңда қалпына келтіру бойынша жобалық-сметалық құжаттар жасалып жатыр. Жыл соңына дейін Тереңқұрға толықтау жөндеу жұмыстары жүргізіледі", – деді ол Медеу ауданы тұрғындарымен кездесу барысында.
Еске салайық, сәуір айында бұл жер телімінде спорт алаңқайын бұзып, тұрғын үй кешенін салмақ болған. Дегенмен алматылықтар 2021 жылы бюджет қаржысына салынған спорт алаңының бұзылуына қарсылық білдірді. Кейін белгілі болғандай бұл жер телімін 2000 жылы сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммедтің қолына өтіп кеткені белгілі болды.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды