Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы танымал кафенің терезесін пышақ ұстаған ер адам сындырмақ болды

Әлеуметтік желілерде Алматыдағы танымал кафенің терезесін пышақпен қаққан ер адамның видеосы тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Видеоның сипаттамасына сәйкес, мас адам танысына шабуыл жасамақ болған. Ол қашып кетуге тырысып, кафеге кіріп кеткен. Бұл уақытта мекеме жұмыс істеген, ішінде адамдар болған.

"Мас адам досына пышақ салмақ болды! Досы Сейфуллиндегі Navat-қа жүгіріп кірді", - делінген хабарламада.

Полиция оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

"Осы мекеменің үстіндегі үйде тұратын 1969 жылы туылған азамат С. ұсталды. Куәгерлердің айтуынша, бұл адам жанында тұрған досына пышақ лақтырмақ болған. Екі ер адам Алмалы аудандық полиция басқармасына жеткізілді, онда азаматтың досы арыз беруден бас тартты.

Полиция қызметкерлері жоғарыда аталған адамдардың мас болу дәрежесін анықтау үшін наркология орталығына жеткізді. Сараптама нәтижелері бойынша екеуінде де алкогольдік мастықтың орташа дәрежесі белгіленген. Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК - нің 440-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды", - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by kazpress #1 (@kazakhpress) on

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр