Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Sulpak дүкені алдындағы ағаштарды кесу фактісі: Президент арнайы тапсырма берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевқа Sulpak дүкенінің маңында ағаштарды кесу фактісі бойынша қызметтік тексеру жүргізуді тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Faceebook-тегі парақшасында жазды.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы Төле би көшесіндегі ағаштардың оталғанына қатысты жағдайға назар аударды. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевқа аталған жағдайға байланысты қызметтік тексеру жүргізіп, кінәлілерді жауапкершілікке тартуды тапсырды.

Мемлекет басшысы 2019 жылы 29 қазанда Алматыда қала проблемаларына арналған кеңесте сөйлеген сөзінде мегаполистің экожүйесіне ұқыпты қараудың, шаһар тұрғындарының жайлы өмір сүруін қамтамасыз ету үшін тиісті жағдайлар жасаудың ерекше маңызды екенін мәлім еткен болатын.

Еске салсақ, желі қолданушылары Sulpak компаниясы көпжылдық 11 ағашты түбімен кесіп тастағанын айтып, наразылық білдірген. Алматылықтар ағаштарды кесіп тастағаны үшін Sulpak-қа байкот жариялауға шақырған еді. 

Кейін дүкен жанындағы ағаштарды кесіп тастағандардың кім екені белгілі болды.

Талқылау