Алматыдағы сауда орталықтарының жұмыс кестесі өзгерді
Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин сауда ойын-сауық орталықтарының жаңа жұмыс кестесі туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Қазір бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысында сауда орталықтарының жұмыс уақыты бекітілмеген. Бұрын сенбі және жексенбі күндері жұмыс істемесе, енді сауда орталықтары жұмыс істейді. Бірақ сауда орталықтарының жұмысы да бір сағатқа қысқарды", - деді Бекшин онлайн-брифинг барысында.
Ақпаратты Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті де растады.
Сауда ойын-сауық орталығының жұмысына сенбі мен жексенбіні қоса алғанда барлық күндері сағат 22.00-ге дейін рұқсат етіледі.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ