Алматыдағы полицей өлімі: Желіде жанжалдың басталған сәтіндегі видео кадрлары пайда болды
Желіде 12 қаңтарда Алматы мекемелерінің бірінде келуші мен полиция қызметкері арасындағы жанжалдың басталу сәті түсірілген видео тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеода полиция қызметкерін өлтірген күдікті алдымен жақын жерде отырған қызбен қақтығысқа түскені, содан кейін оған физикалық күш қолдана бастағаны көрінеді.
Ал мерт болған полицей не болып жатқанын байқап, араласып, агрессивті адамды тоқтатуға тырысқан. Жанжал көшеде жалғасып, соңында полицейдің өліммен аяқталған.
Еске салсақ, Алматыда жанжал кезінде полиция қызметкерін өлтіріп кеткендігі туралы хабарлаған едік.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі