Алматыдағы перинатология орталығынан коронавируспен ауырған соңғы науқас жазылып шықты
Алматыдағы перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығынан коронавируспен ауырған соңғы науқас емделіп шығарылды. Медициналық мекеменің басшылығы инфекциялық-уақытша бөлімшені жабу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі.
ЖРВИ және COVID-19 белгілері бар науқастарға арналған инфекциялық уақытша аурухана шілде айында Перинатологиялық орталықта орналастырылды. Бір күн бұрын соңғы науқас ауруханадан шығарылды.
"Науқастың жағдайы жақсы, ол біздің дәрігерлерге ризашылық білдірді. Қазір біз кардиохирургия бөліміне жоспарлы түрде ауруханаға жатқызуды қайта бастауға байланысты орталықтағы инфекциялық-уақытша бөлімін жаптық", - деді перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының директоры Гани Бодыков.
Аурухананың жұмысы кезінде 118 әйел сол жерде ем қабылдады. Дәрігерлер 48 босануды өткізді, оның 20-ы кесар тілігі арқылы жасалды. Науқастар арасында коронавирустың өлімі болған жоқ.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”