Алматыдағы онкологиялық орталықта 14 науқас пен төрт қызметкер коронавирус жұқтырды
Қазақстан онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында ем алып жатқан 14 пациент пен төрт қызметкердің коронавирус жұқтырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова мәлімдеді.
"Бүгінгі күні Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында науқастар арасында коронавирус инфекциясының 14 және қызметкерлер арасында ПТР тесті оң көрсеткен төрт жағдай тіркелді. Қазіргі уақытта аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, алдын алу шаралары қабылданды", - дейді Әсел Қалықова.
Қазіргі таңда онкология орталығында жатқан науқастар жұқпалы аурулар емханасына ауыстырылды.
"Коронавирус анықталған Онкологиялық орталықтың бөлімі жабылды. Яғни, осы мекемеге медициналық көмек көрсету үшін науқастарды жоспарлы қабылдау тоқтатылды. Жағдай бақылауда және жоспардан тыс тексеру жалғасуда", - деді спикер.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
