Алматыдағы көшенің қақ ортасында жастар жаппай төбелескен (видео)
Әлеуметтік желіде Алматыдағы Достық көшесінің бойындағы төбелестің видеосы кең тарады. Оқиғаға қатысты қалалық полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz апарат агенттігі.
Полиция департаментінің мәліметінше, бұзақылық фактісі тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
"Бұл факт Алматы қаласы Медеу ауданының аумағында орын алды. Ол Қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне тіркелді. Кешкісін бір-бірімен таныс адамдардың арасында жанжал болғаны анықталды. Барлық күдіктілер ұсталып, полицияға жеткізілді. Әрқайсысының іс-әрекетіне Қазақстанның заңнамасына сәйкес одан әрі қабылданатын шаралармен құқықтық баға беріледі", - деді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ