Алматыдағы мейрамханалардың бірі түнде қонақтар қабылдаған
Алматыда мейрамхана қонақтарды түнде артқы есіктен кіргізіп, қызмет көрсеткен. Бұл туралы Facebook-тегі "қоғамдық бақылау COVID-19" тобында қоғам қайраткері Бибинұр Шералиева жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бибинұр Шералиева қоғамдық бақылау түнгі рейді Медеу ауданының әкімдігімен бірлесіп өткенін атап өтті. Әйтеке би-Қалдаяқовтың бойында орналасқан мейрамхана жастарды артқы есіктен кіргізген. Бұл кезде жарық сөдірулі, барлық жер қараңғы болғанымен, залда қонақтарға кальян ұсынып, қызмет көрсеткен.
"Егер бұлай жалғаса берсе, онда біз жылдар бойы карантиннен шыға алмаймыз! Бұл бізге өте зиян. Инфекция әлі де тарап жатыр. Президенттің жарлығы бар - карантин жарияланды. Барлық күштер COVID-19-бен күресуге жұмылдырылды. Енді инфекцияның таралуын кімнен көресіз? Мұнда да билік сізді түнгі мейрамханаларға кіргізді ма? Карантинді бұзғаны үшін тек айыппұлмен ғана емес, жансақтау бөліміне мәйіт тасуға, мәйітханаға экскурсияға апару керек. Мүмкін, содан кейін жауапкершілік пайда болатын шығар", - деп жазды Бибинур Шералиева.
Полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты тексеріп жатқанын хабарлады.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
