AAPL
144.84 $
0.75 %
TSLA
843.03 $
3.02 %
NDAQ
203.02 $
1.19 %
GOOGL
2827.36 $
0.15 %
FB
324.76 $
-1.15 %
FRHC
63.3 $
-1.45 %
AAPL
144.84 $
0.75 %
TSLA
843.03 $
3.02 %
NDAQ
203.02 $
1.19 %
GOOGL
2827.36 $
0.15 %
FB
324.76 $
-1.15 %
FRHC
63.3 $
-1.45 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы MEGA сауда үйінде екі қызды зорламақ болды: Оқиғаға қатысты ІІМ жауап берді

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Алматы сауда орталығында қыздарға жасалған шабуылға қатысты түсінік берді.

MEGA_Alma-Ata

Фото:instagram.com/mega_center

"Кеше кешке MEGA сауда орталығында әйелдер дәретханада жас қыздарды зорлауға әрекет жасалды. Күзетшілер жедел әрекет ете бастады, дабыл басып, қылмыскерді ұстады. Оны полицияға тапсырды. Бұл нақты өзара әрекеттесудің үлгісі. Екі минут ішінде ұстап, бес минуттан соң оны полицияға тапсырды, бұл барлық тапсырманың дұрыс орындалғанын білдіреді", - деді журналистер сауалына жауап берген министр.

Оның айтуынша, полиция тергеу шараларын жүргізіп жатыр.

"Зорлық әрекеті болған жоқ. Тек соған талпынған. Қыздар айқайлай бастады, күзетшілер жүгіріп жетіп ұстады. Қазір мұны тексеріп жатырмыз", - деді Ерлан Тұрғымбаев.

Бұған дейін MEGA Alma-Ata сауда орталығында ер адамның екі қызға шабуыл жасағаны туралы хабарладық. 

"Қазір күдікті Қылмыстық кодекстің екі бабы – "Жас балаға сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық көрсету" және "Жас баланы азғындау" бойынша айыпталып жатыр", - деп хабарлады полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр