Алматыдағы Медеуде қонақ үй кешені салынады
Medeu қонақ үй кешені 2022 жылы қалпына келтіріледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Атақты мұз айдынындағы қонақ үй 10 жыл бұрын бұзылған еді.
29 наурызда Medeu Park Hotel қонақ үй кешені жобасының ҚОӘБ (қоршаған ортаға әсерін бағалау) бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті. Жоба мақұлданды.
Қонақ үй мен апарт-отельдің негізгі блогының құрылысы жоспарланған, олардың арасында жаяу жүргіншілер аймағы салынады.
Жоба авторлары бұл аймақ барлық келушілер үшін тәулік бойы ашық болады, тамақтану орындары мен қоғамдық дәретханалар орналасады деп уәде береді.
Сонымен қатар, аумақта демалыс алаңдары, орындықтар мен урналар қарастырылған.
Бұдан бөлек кешенде 300 орындық мейрамхана, 25 метрлік бассейн мен СПА салынады.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді