Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы крематорийдің құрылысы биыл күзде аяқталады

Алматыдағы крематорийдің құрылысы 2021 жылдың қыркүйегінде аяқталатыны белгілі болды. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қаласы жайлы қалалық орта және мобильділік басқармасының басшысы Сапар Нұрашев айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сапар Нұрашевтың сөзінше, салынып жатқан крематорийде мәйіт қана емес, сонымен қатар аса қауіпті биологиялық қалдықтарды да өртейді. Пандемия кезінде қолданылған медициналық заттар көбейген. Атап айтар болсақ, медициналық маскалар, костюмдер, таңғыштар, шприцтер, ПТР анализін алуға арналған құралдар және тағы басқалары.

"Қолданылған медициналық қалдықтарды арнайы пештерге жағу арқылы жоюға болады. Осыған байланысты патоанатомиялық бюрода крематорий салу туралы шешім қабылданды",- деді ол.

Келісімшартқа сәйкес, крематорий Алматы қаласы Алатау ауданы Ақын Сара көшесінің солтүстігінде, ЖЭО-2 шығысына қарай орналасқан патологоанатомиялық бюро жанынан (сыртқы инженерлік желілерсіз) салынады.

Құрылыстың аяқталу мерзімі - 2021 жылдың қыркүйек айы. Құрылыс құны - 1,3 млрд теңге.

Талқылау