Алматыдағы қоймалардың бірінде жұмысшыны лифт басып қалды
Алматыдағы қоймалардың бірінде лифт құлап, жұмысшы қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 2 желтоқсан күні Түрксіб ауданындағы "Norma Logistics" ЖШС тиесілі қойма кешенінің аумағында болған.
"Еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кісі өлімінің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды", – делінген полиция хабарламасында.
Ақтөбе облысындағы "Қазхром" кен байыту комбинатында апат болып, екі жұмысшы қаза тапты (видео)
Полиция оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатқанын атап өтті.
Еске салсақ, бұған дейін Қарағандыдағы тұрғын үй кешенінде лифт үзіліп, бір адам көз жұмғаны туралы жазған едік.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр
Қылмыстық іс 6 рет тоқтатылған екен
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді