Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы "Көк базар" бір айға жабылады

Алматыдағы ең ірі базарлардың бірі, төтенше жағдайда және карантиндік режимде толықтай жұмыс істеген Көк базар бір айға толығымен жабылады.

Бұл шешімді сот СЭҚ мамандары жинаған материалдарды қарау негізінде қабылдады. 

"Нарықтың ұзақ уақыт жабылуына әкімшіліктің бұрын анықталған заң бұзушылықтарды жоймауы себеп болды", - дейді Алматы қаласының бас мемлекеттік дәрігері Жандарбек Бекшин.

"Көк базар төрт басқарманың қатысуымен қалалық әкімдіктен болған мониторинг барысында аталғандай санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің талаптарын орындамағаны үшін сот шешімімен бір айға жабылды", - деді ол.

Бекшин сонымен бірге сот шешімімен базар әкімшілігіне 1 миллион 727 мың теңге көлемінде айыппұл салынғанын айтты.

Бұған дейін базардың 20 жұмысшысынан коронавирус анықталғаны, бір жұмысшының көз жұмғаны хабарланды. 

STAN.KZ
Бейсенбі, 18 Маусым, 2020 17:35
Талқылау