"Алматыдағы клиникаларға күн сайын коронавирус жұқтырған 100-ден астам науқас келеді" - Камалжан Надыров
Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров қаладағы коронавирусқа байланысты жағдайды баяндады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Камалжан Надыров Facebook желісіндегі парақшасында қаладағы жағдай "шынымен күрделі" екенін атап өтті. Ол денсаулық сақтау жүйесінің ресурстары шексіз емес екенін және бұл ресурстар дамыған елдерде де тапшы екенін жазды.
"Сырқаттанушылық артып келеді. Соңғы күндері қала клиникаларына күн сайын 100-ден астам науқас келіп түседі. Түсіну үшін, клиниканың орташа қуаты 200-300 төсек, сәйкесінше, сұранысты қанағаттандыру үшін үш күнде бір рет жұқпалы стационар ашу керек, бұл, әрине, мүмкін емес. Бүгінгі таңда қалада Covid-19 бар пациенттерді емдеуге арналған 10 клиника бар, 1300-ден астам науқас ем қабылдап жатыр. Қолданыстағы клиникаларды коронавирус жұқырған науқастарды емдеу үшін қайта құру мүмкін емес, өйткені олар басқа патологиялардан (инфаркт, инсульт, аппендицит және т.б.) өмірді сақтайды. Күн сайын қалада 2500-ден астам төтенше жағдайлар болады.Мәселе тек бос төсектерде ғана емес, сонымен қатар коронавирус жұқтырған науқастармен жұмыс істеуге дайын дәрігерлік бригадалардың болуында да", - деп жазды Камалжан Надыров.
Ол дәрігерлер пациенттерді тек орта және ауыр дәрежеде таңдап алып, ауруханаға жатқызуға мәжбүр екенін атап өтті.
Оның сөзінше, алғашқы медициналық-санитарлық көмек дәрігерлерінің жүктемесі де өсті.
"Мұның бәрі осы вирустың нақты емі болмағанына қарамастан. Сондықтан, мамандардың ұсыныстарын елеместен бұрын халықты тағы да ойлануға шақырамыз", - деді Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
