Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы кинотеатрлар билет бағасын көтерді

Алматыда кинотеатр иелері билет бағасын көтерді. Кейбір жағдайларда олардың құны 30%-ға өсті. Кәсіпкерлер мұны кинозалдардың жартысы ғана толтырылғандығымен түсіндіреді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Алматы" арнасына сілтеме жасап.

Кинозалдар кіре берісте келушілердің температурасын тексереді, дезинфекциялық кілемшелер бар. Әр залда санитайзерлер орнатылған, барлық қызметкерлер қорғаныс құралдарында жүреді. Бактерицидті кварц шамдары да бар. Сонымен қатар, желдету жүйесі ауыстырылды.

"Киноға билеттер бағасының қымбаттауы әбден мүмкін еді. Орташа алғанда, олардың құны 20-30%-ға өсті. Мысалы, егер бұрын кешкі сеанс 2400 болса, енді 600 теңгеге қымбат. Кәсіпкерлерді түсінуге болады. Төтенше жағдай режимі олардың бизнесіне ауыр соққы берді, ал әзірге аншлаг жасауға тыйым салынады", – деді Алматы қаласы Әуезов ауданы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бөлім басшысы Салтанат Бөпежанова.        

Айта кетейік, Алматыдағы кинотеатрлар өз қызметін 26 қазаннан бастап қайта бастады.  

Шарттар - толымдылығы 30%-дан аспайды, бетперде режимін сақтау, шахмат отырғызу, әлеуметтік қашықтық және санитарлық талаптарды сақтау.  

Кинотеатрлар әкімшілігінің infokazakhstan.kz порталына тіркелуі міндетті.

Талқылау