Алматыдағы Kinopark – Kinoplexx Theatres желісі фильмдерді прокатқа шығару үшін негізсіз "кіру төлемдерін" талап еткен

Kinopark – Kinoplexx Theatres кинотеатрлар желісінің әрекеттерінен бәсекелестікті қорғау заңнамасын бұзатын бірқатар негізсіз талаптар анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің мәліметінше, желі отандық киноөндірушілерден міндетті түрде жарнама бюджетін төлеуді талап еткен. Бұл төлем жасалмаған жағдайда фильмдер прокатқа жіберілмеген.
Мұндай талаптар бәсекелестікті шектеп, нарық қатысушыларының заңды құқықтарын бұзып, кинопродюсерлердің прокат нарығына шығуына кедергі келтірген және отандық киноиндустрияның дамуын тежеген.
Осыған байланысты Kinopark – Kinoplexx Theatres компаниясына Қазақстанның бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілері туралы хабарлама жолданған.
“Хабарламаны қарау нәтижесінде заңбұзушылықтар жойылды. Атап айтқанда, міндетті жарнама шығындарын жүктеу тәжірибесі тоқтатылып, фильмдерді прокатқа шығару үшін алынатын “кіру төлемдері” алынып тасталды”, – делінген хабарламада.
Алматыдағы кинотеатрлардың бірінде белгісіз әйел келушінің сөмкесін ұрлап кеткен (видео)
Астанада Cinema City кинотеатры өртке оранды (видеo)
Монополияға қарсы органның ақпараты бойынша, қазір хабарламаны орындау аясында фильмдерді прокат кестесіне енгізудің, сеанс уақытын өзгертудің, прокат мерзімін белгілеудің және фильмдерді көрсетілімнен алудың бірыңғай, ашық әрі кемсітусіз тәртібін айқындайтын жария регламент әзірленіп жатыр.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?