Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған 800-ге жуық адам анықталды

Алматыда коронавирус жұқтырған адамдармен байланыста болған 798 адам медициналық мекемелерге жеткізілді, басқа да адамдар іздестірілуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Алматыдағы коммуникациялық қызметінде қалада карантин енгізу бойынша өткен брифингте полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов айтты.

"Қазіргі таңда департаменот тарапынан коронавирустың алдын алу және оның таралуына ртосқауыл болуға бағытталған шаралар жалғасын табуда. Басқа да мемлекеттер мен органдармен бірлесе отырып, инфекцияға душар болған азаматтарға қатысты тұлғаларды іздестіріліп жатыр. Бүгінгі таңда осындай 798 адам анықталып, олар медициналық мекемелерге жеткізілді", - деді Қанат Таймерденов. 

Сонымен қатар, ол қалада 19 наурыз күні сағат 00:00-ден бастап карантин режимі енгізілетінін еске салды.

"Басты мақсат - қаланың сыртқы аумағын бақылап және қаланың ішіндегі карантин режимін қатаң қадағалау арқылы инфекцияның таралуына тоқтату. Алматының шекараларында автокөліктердің кіру-шығуына шектеу қойылады. Оған байланысты қаланың кіреберісінде және 10 магистральды 27 блок-пост қойылады. Ол жерге күнделікті полиция қызметкерлері мен қорғаныс министрлігінің жауынгерлері жұмылдырылады", - деді қаланың полиция департаментінің басшысы.

Оның айтуынша, полиция департаментінде азаматтардың кез келген сұрағына шұғыл жауап беру үшін полиция департаментінде колл-цент болады. Азаматтар 254-40-07 нөміріне хабарласа алады.

Қанат Таймерденов ішкі істер тарапынан жасалып жатқан шараларға түсіністікпен қарауды сұрады.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанның бүкіл аймағында жаңбыр: синоптиктер жақын арадағы ауа райы жайлы

31 наурыз – 2 сәуірге арналған ауа райы болжамы қандай?

Сарапшы қытайлық хантавирустың ерекшелігі жайлы айтты

Маман: Аурудың жаппай эпидемияға айналуы екіталай

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 293-ке жетті

Ауру жұқтырған тағы тоғыз адам тіркелді

Қазақстандық спортшы теннистің жаңа жұлдыздары рейтингінде ТОП-10 құрамына кірді

Бұған дейін ол әлемдік рейтингте ТОП-20 қатарына енді

Экспортпен айналысатын бензин өндірушілері жылдың соңына дейін акциз салығынан босатылды

Бұл ҚР үкіметі қабылдаған жаңа заңда көрсетілген

Қызылорда облысының экс-әкімі қамауға алынды

Ол аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген

Қазақстан Қытай азаматтарына арналған 72 сағаттық визасыз режимді алып тастады

2018 жылдан бастап Қытай мен Үндістан азаматтары елде 72 сағат визасыз жүре алады

Түркістан облысындағы блок-бекеттер: Тоқтаусыз көлік ағымы азаяр емес

Әсіресе, Алматы мен Нұр-Сұлтаннан келген көліктерді жіті бақылауға алыныпты

Қытайда тәулік ішінде тек 1 адамнан коронавирус табылды

29 наурызда Қытай билігі коронавирус індетінің аяқталғанын мәлімдеді

"Қалыңдығым мұңайды": Қуыршаққа үйленбекші болған қазақстандық бодибилдер карантин үшін тойларын кейінге шегеріпті

Жастар тойларын сәуір айында жасамақшы
Çàãðóçêà...