Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы "қастандық әрекет": Кәсіпкер бұрынғы сүйіктісін атып кеткен

Алматыда қызды үйінің кіреберісінде атып кетті. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде пайда болды. Кадрлардан оқиға орнында жүрген полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем көлігін байқауға болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Кадрдан алынған скрин

Видео авторының айтуынша, кіреберісте көршісін бұрынғы күйеуі атып кеткен. Оқиға орнында екі оқ жатқаны айтылған. 

Видеоның сипаттамасында ірі кәсіпкердің бұған дейін де бұрынғы сүйіктісінің интимдік видеосын таратқаны үшін ұсталғаны айтылған. Содан кейін кәсіпкердің тапсырысымен аталған мекенжайға белгісіз ер адам келіп, қызды екі рет атып кеткен.



Алматы полиция департаментінің мәліметінше, бұл қылмыс кедергісіз тез ашылған.

"Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге мәліметтер жарияланбайды", – делінген хабарламада.

Полиция Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сілтеме жасап, зардап шеккен қыздың жағдайын және оқиғаның қандай бап бойынша тергеліп жатқанын нақтыламады.

Айта кетейік, бұған дейін Өскеменде әйелін қызғанған еркек кіреберісте ер адамды атып кеткені туралы жазған едік.

Талқылау