Алматыдағы "Гаухартас" тұрғын үй кешенінде өрт шықты
Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде өрт шықты, - деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық ТЖД хабарлауынша, 15 мамырда сағат 23.44-те Абай даңғылы, 150/230, "Гаухартас" тұрғын үй кешенінде өрт шыққаны жайлы хабар түсткен. Өрт сөндіру тобы алты минут ішінде оқиға орнына келген.
"Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде 17 қабатты тұрғын үй кешенінің 11-қабатындағы пәтер жанып жатқан. Өрттен шыққан түтін жоғарғы қабаттардағы тұрғындардың өміріне қауіп төндірген. Тұрғындарды құтқару және эвакуациялау үшін өрт сөндіру сатысы орналастырылған. Өрт кезінде 60 адам эвакуацияланды" - делінген хабарламада.
Өртті сөндіру кезінде 101-ге №154 пәтер тұрғынынан қоңырау түсті. Өрт сөндірушілер екі ересек пен екі баланың өмірін сақтап қалды.
Қабылданған шаралардың арқасында өрт жарты сағаттың ішінде, сағат 00.22-де 30 шаршы метр алаңында басылды. Үш бөлмелі пәтердің бөлмесінде тұрмыстық заттардың, жиһаздардың өртенгені туралы хабарланған.
Өртті сөндіруге 70 адам, 18 дана техника, сондай-ақ Бостандық аудандық унитарлық кәсіпорнының қызметкерлері жұмылдырылған.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
