Алматыдағы митингілер: Неге саябақтағы жолдарға асфальт төселді
Алматыда бейбіт жиындар өтетін орын ретінде белгіленген Ганди атындағы паркте төселген тастар шұғыл түрде асфальтқа ауыстырылды. Қаланың аудандық әкімдігінде бұл митингі өткізу туралы заңның талабы екенін мәлімдеді, деп Stan.kz апарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Алайда, аталған құжатта жолдың білгілі бір жабындысы болуы туралы пункт жоқ.
Осы аптада паркте жануарларды қорғауға қатысты митинг өтуі керек еді, бірақ карантин күшейтілгендіктен ол болмайды.
Алматы қаласы бойынша бейбіт жиындар өткізу үшін барлығы 3 орын белгіленді: Ганди атындағы парк, Шоқан Уәлиханов атындағы парк, "Сарыарқа" кинотеатры артындағы алаң.
Ганди атындағы паркте тас жамылғысын асфальтке ауыстырып үлгерді. Енді көгалдандыру жұмыстары жүріп жатыр.
Аудандық әкімдік тастар қылмыс әрекетінің құралы болуы мүмкін екенін атап өтті. Алынған тас төсемдерді басқа құрылыстар үшін қолдану жоспары бар.
"Қоғамдық тәртіпті сақтау және ұйымдастырушылардың, бейбіт жиын қатысушыларының, сонымен бірге осы аудан аумағында тұратын тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Алмалы ауданы әкімінің аппараты қаланың мобильді басқармасымен бірге Махатма Ганди ескерткіші жанындағы алаңдағы тас төсемдерін асфальтке ауыстыруға шешім қабылдады", - деді Алмалы ауданы әкімінің аппараты.