Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар коронавирусты қай жерден жұқтыратыны белгілі болды

Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұрғындарға коронавирустық инфекцияны жұқтырғандар қатарының өсіп келе жатқанын айтып, ескерту жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Санитарлық-эпидемиологиялық ахуал ЖРВИ мен тұмаудың маусымдық ушығуы салдарынан күрделене түсуде. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жедел респираторлық вирустық инфекцияны жұқтырған науқастар қатарының 2,2 есеге өскені байқалады.

Халықтың барлық жастағы топтарының КВИ ауруына шалдығу деңгейінің артуы ерекше алаңдаушылық туғызуда. 22 қазаннан бастап науқастар саны көбейген. Тек соңғы тәулікте ғана тұрғындар арасында КВИ жұқтырғандардың 77 оқиғасы тіркелген.

Адамдар көп шоғырланған орындарда КВИ жұқтыру салдарынан қоғамда эпидемиялық процестер өрши түсуде. Жүргізілген эпидемиологиялық сараптамалар нәтижесінде инфекцияның 53%-ының қоғамдық көлікте, 23%-ының үй жағдайында, 17%-ының қоғамдық орындарда жұғатындығы анықталды.

STAN.KZ
Жұма, 13 Қараша, 2020 13:48
Талқылау