Алматылықтар коронавирусты қай жерден жұқтыратыны белгілі болды
Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұрғындарға коронавирустық инфекцияны жұқтырғандар қатарының өсіп келе жатқанын айтып, ескерту жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Санитарлық-эпидемиологиялық ахуал ЖРВИ мен тұмаудың маусымдық ушығуы салдарынан күрделене түсуде. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жедел респираторлық вирустық инфекцияны жұқтырған науқастар қатарының 2,2 есеге өскені байқалады.
Халықтың барлық жастағы топтарының КВИ ауруына шалдығу деңгейінің артуы ерекше алаңдаушылық туғызуда. 22 қазаннан бастап науқастар саны көбейген. Тек соңғы тәулікте ғана тұрғындар арасында КВИ жұқтырғандардың 77 оқиғасы тіркелген.
Адамдар көп шоғырланған орындарда КВИ жұқтыру салдарынан қоғамда эпидемиялық процестер өрши түсуде. Жүргізілген эпидемиологиялық сараптамалар нәтижесінде инфекцияның 53%-ының қоғамдық көлікте, 23%-ының үй жағдайында, 17%-ының қоғамдық орындарда жұғатындығы анықталды.
Талқылау

"Суды артық пайдаланса, тариф 30% қымбаттайды": Қазақстандықтар су нормасы туралы жаңа ережеге қарсы шықты
Министрліктің мәліметінше, бұған дейін әр өңірде су бағасы әртүрлі есептелген

Астаналық әйел тірі ұлын "өлтіріп", 100-ге жуық әріптесінен ақша жинаған
Жәбірленуші: "Гүлмира Ашимов Ұлттық ұландағы подполковниктің әйелі"