Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы ең қауіпті аудандар белгілі болды

Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қалада коронавирустың кең таралуына байланысты алматылықтарға үндеу тастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  

"Бас санитарлық инспектор енгізген қолданыстағы шектеу шаралары аурушаңдықтың өсуін тежеуге және қаланың "сары" және "жасыл" аймақтардың арасыда тұруын бірқалыптандыруға әсер ететінін айтты. Вирус жұқтырғандардың басым бөлігі Бостандық және Алмалы аудандарында. Бұл көрсеткіштер бізге қауіп-қатер аймағын анықтауға мүмкіндік берді. Тәуекел аймағында Әуезов пен Медеу аудандары да бар. Бұл аудандарда клубтар, сауда ойын-сауық орталықтарының орналасуы қауіпті өршітіп тұр", - деді Бекшин.

Бекшин қалада вирус жұқтырғандар саны өсіп жатқанын айтып, халықты сақ болуға шақырды. 

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының міндетін атқарушы Жанар Мадеева коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастардың жағдайы туралы айтты.

Жанар Мадеева бүгінгі күні қалада коронавирустық инфекцияның 15 876 ​​жағдайы тіркелгенін, оның 9583-і симптомдармен, 6293-і симптомсыз екенін атап өтті.

"Медициналық мекемелерде 257 адам емделуде, оның 15-і балалар. Егер жағдайдың ауырлығына қарасақ, 20 адам (жеті пайыз) өте ауыр, 65 (25 пайыз) ауыр, 230 (68 пайыз) - орташа ауырлық дәрежесінде", - деді Жанар Мадеева.

Реанимация бөлімшелерінде 29 науқас жатыр.

Талқылау