Алматыдағы ботаникалық бақта аққуға әлімжеттік жасаған ер адам 7 тәулікке қамауға алынды
Алматыдағы ботаникалық бақта аққуға әлімжеттік жасаған ер адам 7 тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Еске сала кетейік, 5 тамыз күні куәгерлер екі ер адамның құстарға дөрекі қарым-қатынас көрсеткенін түсіріп алған, оның бірі аққудың мойнын ұстаған және оны өзіне тартпақ болған.
Полиция мен ботаникалық бақ әкімшілігі бұл жағдайды тексеруді бастады. Видеокамералардан тек бір ғана заңбұзушы анықталып, ол бір тәулік ішінде ұсталды. Ол — 42 жастағы ер адам. Кеше кешкісін Алматы әкімшілік сотында өткен іс бойынша ол 7 тәулікке қамауға алынды.
"Бұл оқиға заңбұзушылардың жануарларға қатыгездік, дөрекілік пен біздің бақ аумағында орынсыз әрекеттер жасағаны үшін жауапқа тартылатынын көрсетеді. Бас ботаникалық бақ — ерекше қорғалатын табиғи аймақ, онда ерекше ережелер мен шектеулер бар. Мұнда жануарлар мен өсімдіктер қорғалады. Оларға қарсы агрессивті немесе құрметсіз іс-әрекеттерге жол берілмейді, ал ережелерді бұзғандар жазаланады", – деді бақ әкімшілігі.
Әкімшілік сондай-ақ аққудың жағдайы қазір жақсы екенін, оның жағдайын орнитолог мамандар бақылап отырғанын хабарлады. Бұрын ботаникалық бақта адамдар мен әсіресе кішкентай қонақтардың қауіпсіздігі үшін аққулар су айдынының айналасына қоршау орнату жоспарланған болатын, енді бұл құстарды адамдардан қорғау мақсатында жүзеге асады.
"Ботаникалық баққа жыл сайын келушілер саны артып келеді. Қонақтар көбейген сайын бақтағы тәртіп бұзушылықтар да көбейеді. Адамдар шөптердің үстімен жүреді, өсімдіктерді таптап, пикник ұйымдастырып, қоқыс тастайды", — деді бақ өкілдері.
@nurqilym #fyppppppppppppppppppppppp #recommendations #rec #ботаническийсад #алматыказахстан ♬ Creepy and simple horror background music(1070744) - howlingindicator

Соңғы бес жылда 1,5 миллиардқа жуық теңгеге 47 мультфильм түсіріліп, тек төртеуі экранға шыққан
