Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы блок-бекеттегі жол апаты: Тұрғымбаев істі өз бақылауына алды

Алматыда екі полицейдің өмірін қиған блок-бекеттегі жол апатына кінәлі азаматтың ісі ішкі істер министрлігіне өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

дтп

Бұл туралы Алматы қалалық ПД басшысы Серік Күдебаев мәлім етті. 

"Аталған жол-көлік оқиғасына қатысты істі ішкі істер министрлігіне қарасты тергеу департаменті жүргізіп жатыр. Іс министрдің бақылауында", - деді Күдебаев. 

Еске салайық 25 мамыр күні BMW маркалы мас көлік жүргізушісі Алматыдағы блок-бекетті бұзып өтіп, полиция көлігіне барып соғылған еді. Оқиға болған сәтте көлікте екі қызметкер болған: екеуі де жол апатының салдарынан ажал құшты. Бұған қоса тағы бір қызметкер жарақат алған. 

Кейіннен әлеуметтік желіде кінәлі азаматтың өзі де полицей деген ақпарат таралыпты. Алайда алматылық ПД басшылары бұл ақпаратты жоққа шығарып, барынша жалтарылмақ болған. Кейіннен айыпталушының расымен де Азат Азаматов есімді тәртіп сақшысы екені анықталған. Жергілікті полиция департаментінің өкілдері оның алты жыл органда қызмет атқарғанын, алайда "қызметіне жауапкершілікпен қарамағаны үшін" жұмыстан босатылғаны жайлы айтыпты. 

Бұл іске байланысты Алматы қалалық ПД-нің бірнеше лауазымды қызметкерлеріне сөгіс жарияланған. 

Ең қызығы, біраз уақыт өткеннен кейін кінәлі жүргізушінің әкесі Талғат Мұқашев ұлының жақында ғана дәресі өскен, полиция қызметкері екенін айтқан. 

Атап кетерлік жайт, бұған қоса BMW жүргзушісі бұған дейін де жол-көлік оқиғасына себепші болғаны анықталыпты. 

 

 

Талқылау