Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы беделді мектептегі бала зорлау оқиғасы: Ішкі істер министрлігі оқушының зорланғанын растамады

Ішкі істер министрлігі бірінші сынып оқушысының мектеп қабырғасында зорланғанын растамады. Олар бейнекамера жазбаларын тексеріп, сараптама жүргізгенімен, зорлық-зомбылық іздерін таппағандарын түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

"Биологиялық және геномдық сараптама баланың іш киімі мен шалбарында бөгде биоматериалдарды анықтаған жоқ. Сұралған мектеп мұғалімдері мен сыныптастары оған зорлық-зомбылық пен қысым көрсетілгенін жоққа шығарады. Камераға түсірілген бейнелер баланың дәретханаға жалғыз келгенін көрсетті", - делінген хабарламада. 

Алайда баланың анасы құқық қорғау органдарының қорытындысымен келіспей, оған тәуелсіз мамандар тартылатынын мәлімдеді. Сонымен бірге ұлын психологтың қатысуымен жауап алуға әкелуден бас тартты.

"Арыз берушінің кедергілеріне қарамастан, тергеу жалғасуда. Қылмыстық іс бойынша шешім қылмыстық сот ісін жүргізудің үш сатылы моделі аясында қадағалау органымен келісім бойынша қабылданады", - деді Ішкі істер министрлігі. 

Айта кетейік, бұған дейін Алматыдағы халықаралық мектепте 1-сынып оқушысы зорланды деген ақпарат тараған еді. Кейіннен Алматыда халықаралық мектепте жыныстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болуы мүмкін баланың анасы тергеу барысына наразылығын білдірді. Әйел апелляциялық шағым түсіріп, тергеу барысына, сарапшының қорытындысына және бала құқықтары жөніндегі уәкілдің жұмысына көңілі толмайтынын айтқан еді. 

Алматыдағы беделді мектептегі бала зорлау оқиғасына қатысты оқушының анасы сұмдық деректермен бөліскені туралы жазған болатынбыз.

Талқылау