Алматыдағы "барахолкадан" өрт шықты (видео)
Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті “барахолкада” өрт шыққанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, 11 қарашада 10:56 шамасында ТЖД қызметкерлері мен техникалары Жетісу ауданына жіберілген.
"Көлік кептелісіне қарамастан өрт сөндірушілер оқиға орнына 8 минутта келді. Олар бірнеше контейнердің отқа оранғанын анықтады. Дереу өрт сөндіруге кірісіп, газ-түтіннен қорғау қызметі адамдардың бар-жоғына барлау жүргізді. Жағдай бақылауда, бейнебақылау камералары арқылы қаланың өзара іс-қимылының бүкіл күш-құралдары оқиға орнына бағытталған", – деп хабарлады ведомство өкілдері.
Алматылықтар аптап ыстықта жылудың өшірілмей жатқанына шағымданды: Әкімдік себебін түсіндірді
Алматылық Ерғали Жақсылықов жергілікті билікке шағымданды
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі