Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы барахолкада тағы да өрт шықты 

Алматыдағы Байсат базарында контейнерлер өртенді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

байсат

Төтенше жағдайлар департаменті Байсат базарындағы өрт туралы ақпараттың 21 тамызда 14:02-де келіп түскенін мәлімдеді. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер екі қабатты контейнерлердің жанғанын анықтаған. 

"Дереу жапсарлас қойылған контейнерлерді сөндіруге және салқындатуға өрт оқпандары енгізілді, өрт-автоцистерналары объектінің өрт гидранттарына орнатылып, магистральдық желілер созылды, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді. Оқиға орнында екі өрт сөндіру учаскесі құрылды, газ-түтіннен қорғау қызметінің үш буыны жоғары температура мен қатты түтін жағдайында жұмыс істеді", – деп хабарлады ведомство өкілдері. 

Жалын 25 минутта оқшауланып, 14:50-де толығымен сөндірілген. Нәтижесінде көрші контейнерлер мен тауарлары бар сауда қатарлары аман қалды. 

Талқылау