Алматыдағы барахолка базары тағы да өртке оранды
Алматыда барахолка базары тағы да өртке оранды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Таңнан бері қаланың осы бөлігінде түтін байқалған.
Алматы қалалық ТЖД мәліметі бойынша 26 тамыз сағат 08:37-де өрт сөндірілді. Өрт сөндірушілер Жетісу ауданы, "Алмалы" базарындағы жанып жатқан контейнерлердегі өртті сөндірді. Өртенген аумақ 80 шаршы метр болды.
"Қабылданған шаралардың арқасында өрттің жақын маңдағы тауарлық-материалдық құндылықтары бар сауда қатарларына таралуына жол берілген жоқ. Құрбандар мен зардап шеккендер болған жоқ", - деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі.
Полиция қызметкерлері өрт болған жерді жедел қоршауға алды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”