AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жетім-жесірлерге бөлінген 67 млн теңге ұрланған: балалар үйінің басшылығына қатысты сот үкімі шықты

Алматыда балалар үйінің директоры мен әлеуметтік педагог сотталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

ақша

Агенттіктің хабарлауынша, Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті "QAMQOR" жедел алдын алу іс-шарасы аясында Алматы облысы білім басқармасының "№1 Алматы облыстық балалар үйі" ҚММ директоры мен қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады. 

Тергеу барысында балалар үйінің әлеуметтік педагогы М.Мұстафина өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, өзіне сеніп тапсырылған 67 миллион теңге сомасындағы ақшалай жәрдемақыны жымқырғаны дәлелденді. 

Сотталған Мұстафина әлеуметтік педагог және балалар үйінің басшысынан қамқоршының мүдделерін білдіруге сенімхаты бола отырып, тәрбиеленушілерге асыраушысынан айрылуы және мүгедектігі бойынша жәрдемақы ресімдеп, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктерде оларға карточкалық шоттар ашқан. 

Тәрбиеленушілердің есеп айырысу шоттарына толық қол жеткізіп, мобильді банкинг арқылы балалар үйі тәрбиеленушілерінің есеп айырысу шоттарынан жеке карточкалық шотқа ақша аударымдарды жүзеге асырған, сондай-ақ тәрбиеленушілердің банк карталарын пайдалана отырып, банкоматтардан кейбір қаражатты алған. 

Мұндай заңсыз қызметпен сотталған адам 2015 жылдың желтоқсанынан 2020 жылдың тамызына дейін айналысқан. 

Өз кезегінде балалар үйінің директоры Ғ. Қондыбаева 2018 жылдың күзінде Мұстафинаның ұрлау фактілері туралы біліп, оны уәкілетті органдардан жасырып, оны қызметінен шеттетпей және балалар үйі тәрбиеленушілерінің шоттарына қол жеткізуін шектемеген. 

Сотталушылар өз кінәсін толықтай мойындады. Қазіргі уақытта 10 миллион теңгеден астам шығын балалар үйі тәрбиеленушілерінің пайдасына өтелді. Сот 52,4 миллион теңге көлеміндегі қалған соманы жәбірленушілерге қайтаруды міндеттеді. 

Сот үкімімен М.Мұстафина ҚР ҚК 189-бабы (Аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) бойынша кінәлі деп танылып, 7 жыл бас бостандығынан және 10 жыл мерзімге педагогикалық қызметпен айналысу құқығынан айыру түрінде жаза тағайындалды. 

Г.Қондыбаева ҚР ҚК 371-бабы (салғырттық) бойынша кінәлі деп танылды. Мемлекеттік лауазымда қызмет атқару құқығынан айыра отырып, оған 2,7 миллион теңге сомасында айыппұл тағайындалды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр