Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Маска тақпаймын": Автобуста жанжал шығарған алматылық азамат жұрт алдында кешірім сұрады

Алматы қалалық мобильділік басқармасы автобустардың бірінде бетпердеге байланысты туындаған жанжал түсірілген видеоға назар аударып, тәртіп бұзушы-жолаушыны тауып, автобус жүргізушісін жазалады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

маска

Алматы қаласының тұрғыны санитар дәрігердің талабына сәйкес, жанындағы жігіттен бетперде тағуын сұраған. Ал жігіт оның тарапына балағат сөздер айтып, қорқытқан. Сосын қыз жанжал түсірілген видеоны желіге жариялаған. 

 

Видео жарияланғаннан кейін, қызметтік тергеу жүргізілді. Оқиғаны зерделеу барысында анықталғандай, №81 маршруттың жүргізушісі автобустың ішіндегі жанжалы естігенімен, тоқтамаған.

"Жаңа ережелерге сәйкес, карантин кезінде, автобус жүргізушісі бетпердесіз жолаушыларды автобусқа кіргізбеуі керек. Көлік қозғалысы басталғаннан кейін мұндай бұзушылық анықталған жағдайда ол жолаушыны дереу түсіруге міндетті. Осыған байланысты, маскасы жоқ жолаушының автобус ішіне кіргізіп, туындаған жағдайда уақтылы шешім қабылдамағаны үшін жүргізушіге қатысты қатаң сөгіс және шілде айындағы бонустардан айыру түріндегі шаралар қолданылды", - деп хабарлады басқармада.

Сонымен бірге бұл оқиғаны Алматы полиция департаментінің қызметкерлері де зерттеді.

"Тексеру шараларының нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері 1992 жылы туылған А.есімді азаматты анықтады. ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы шеңберінде шаралар қабылданады", - деді ведомство өкілдері.

Тәртіп бұзушы автобустағы әрекеті үшін кешірім сұрады және барлық қазақстандықтарды бетперде тағуға шақырды.

Қалалық мобильділік басқармасы полиция қызметкерлерімен үнемі рейд жүргізгеніне қарамастан, қаладағы барлық автобустарды бір күнде тексеру мүмкін емес екенін атап өтті, бірақ тәртіп бұзғандар міндетті түрде анықталып, жазаланады.

"Мұндай әрбір жағдай, қоғамдық көліктегі әрбір тәртіп бұзушылықты біз мұқият зерттейміз және тиісті шаралар қолданамыз. Осы оқиғадан кейін барлық автопарктердің жүргізушілерімен түсіндіру әңгімесі өткізілді. Азаматтарды өздерін және жақындарын қорғау үшін бетперде тағып, санитарлық нормаларды сақтауға шақырамыз", - деді әкімнің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов.

Айта кетейік, бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес жолаушылар қоғамдық көлікте маска тағуға міндетті. Автобус салонында бетперде режимін сақтамағаны үшін жүргізуші мен бақылаушылар тәртіп бұзушыны түсіруге құқылы.

Талқылау