Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы ауруханада жүзден астам шетелдік жатыр – коронавирус

Алматының Денсаулық сақтау басқармасы Қытай мен басқа да шетелдің 100-ден астам азаматының карантинде жатқанын растады. Ауру белгісі табылмаған 10 қытай ауруханадан шығып үлгеріпті. Карантинде жатқандардың арасында індет ушығып тұрған Оңтүстік Корея мен Иран азаматтары да бар. Белгілі болғандай, барлығы елімізге басқа мемлекет арқылы ұшып келген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" арнасына сілтеме жасап.

коронавирус

Оларды қала сыртындағы оқшаулау орталығына жапқан мамандар, арасында коронавирус жұқтырғандар жоқ деп сендірді.  

«Алматыда Қытайдың  100-ге жуық азаматы карантинде жатыр» деген ақпарат әлеуметтік желіде желдей тарап, кешелі бері жұртты дүрліктірген. Ауруханада жатқандардың аты-жөні де жарияланды. Тізімде көрініп тұрғандай, барлығы мұнай, құрылыс компанияларының белді қызметкерлері. 

Десе де, коронавирусқа қарсы штаб басшысы бұл тізімдерді «жалған» деп отыр. Бірақ та, жүзден астам қытай мен басқа да шетелдіктердің каратинде жатқанын растады. Бәрінің де қауіпті аймақтан келгеніне қарамастан, олардан «еш қауіп жоқ» деп сендіреді мамандар.  

«Стационарда жатқан аурулардың барлығының да денсаулығы жақсы. Біз оларды тек медициналық бақылауда ұстап отырымыз. Олардың 14 күнге жақындағанда анализдері алынып, анализ қорытындысы бойынша ғана ауруханадан шығарылады», - Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев.

 Шетелден ұшып келген азаматтарды оқшаулау орталығында қазір 130 адам карантинде жатыр. Олар Қытай, Моңғолия, Иран, Оңтүстік Корея азаматтары. Арасында осы елдерде болып келген өз жерлестеріміз де бар.


 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы 15 адам тiркелдi: Қазақстанда 584 адам коронавирус жұқтырды

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 15 жағдай тіркелді

"Демалыс кезінде үйінде болған": Семейда 14 жастағы жасөспірімнен коронавирус анықталды

Науқас - 2006 жылы туған, Семей қаласының тұрғыны

Өскеменде кәсіпкерлер әкімдікке баса көктеп кірмекші болды

Олар рұқсаттама ала алмағандарына ызаланды

Алматыда жезөкшелердің қызметін ұсынған монша анықталды

Саунаны криминалдық полиция тапқан

Қазақстанда алғаш рет жүргізуші мас күйінде ЖКО себепкері болғаны үшін 4 жыл түрмеге қамалды

887 мың қазақстандық 42 500 теңге жәрдемақы алуға өтініш берген

Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев мәлімдеді

"Подъездің есігін құлыптап, тек саңылау қалдырған": Ақтау әкімдігі желіде тараған суретке түсініктеме берді

Әкімдік: "Әлеуметтік желілерде және түрлі басылымдарда бір суретке негізделген жалған ақпарат тарап жатыр"

"Көмек емес, пайдакүнемдік": Қазақстандықтар несие мерзімін кейінге шегеру шарттарына наразы

Заң форс-мажор болса да, сыйақыны есептеуді тоқтатуға мүмкіндік бермейді

Бұрынғы күйеуі бетін пышақпен тіліп тастаған: Ақтөбелік әйел халықтан көмек сұрады

Олардың ажырасқанына екі жыл болған

Ақтөбеде, Қызылордада және Шымкентте болған: Қазақстандық жүк көлігінің жүргізушісі коронавирустан көз жұмды

Ол сапарда баласымен бірге болған
Çàãðóçêà...